Қолғаптар
Қолыңа арналған жайлылық: адидас қолғабы
Әрекет етуді тоқтатпа. adidas қолғабы кез келген жағдайда сенімді серігің болады. Қолғап жаттығу кезінде де, ойын ойнағанда да қолыңның жайлылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан еш уайымсыз белсенді бол!
Бұл қолғап брендін 1949 жылы Германияда Адольф Дасслер шығарды. Ол өзінің инновациялық өнімдерінің, оның ішінде үш жолақты аяқ киімдердің арқасында тез танымал болды. Марка танымал спортшылармен және командалармен бірге жұмыс істеп, спорттық рухтың символына айналды. Уақыт өте келе марканың түр түрі шықты. Әртүрлі киімдер мен аксессуарлар ұсынылып, спорт пен сән әлеміндегі жетекші брендтердің біріне айналды.
Жаңа белестерді бағындыр
Интернет-дүкеннің ассортименті мақсаттарыңа жету жолында таптырмас шешімдерді ұсынады. Әрбір тауар еш уайымсыз еркін түрде әрекет ету мүмкіндігін береді.
— Қолғап суық қүндері қолыңды жылы ұстайды. Ол кез келген жағдайда энергияңды жоғалтпауға және әр қадамыңда жайлылық пен сенімділік сезінуге көмектеседі.
— Саусақтары ашық қолғап – қозғалыс еркіндігін қалайтын жандар үшін керемет шешім. Ол интенсивті жаттығулар кезінде беріктікті қамтамасыз етіп, әр қозғалысты бақылауға мүмкіндік береді.
— Флистен жасалған қолғап жұмсақ әрі ыңғайлы болып келеді. Бұл қолғап жүгіру мен серуендеу кезінде қолыңды жылуда ұстап, жайлылық сезімін береді.
— Трикотаждан жасалған қолғап жеңіл әрі ауа өткізгіш болып табылады. Оны спорт залда немесе далада жаттығу жасау кезінде киюге болады. Интенсивті жаттығулар кезінде қолыңның терлеуіне жол берілмейді.
Өзің үшін ең жақсысын таңда
Спортпен айналысу кезінде жайлылық пен сапа бірінші орында болады. адидас қолғабының жоғары сапасы кез келген жағдайда максималды ыңғайлылықты қамтамасыз етіп, мақсатыңа жетуге мүмкіндік береді.
— Заманауи синтетикалық материал қолыңды жылуда сақтап, олардың терлеуіне жол бермейді.
— Көптеген тауарлар арнайы технологиялардың көмегімен жасалған. Мысалы, қолғаптағы AEROREADY технологиясы қолыңды ылғалдан сақтап, құрғақтық пен жайлылықты қамтамасыз етеді.
— Мұқият ойластырылған дизайн мен созылмалы материалдың арқасында қолғап өте ыңғайлы болып келеді. Әр қозғалысың жеңіл әрі сенімді болады.
— Берік мата мен жоғары сапалы тігістің арқасында қолғап тез тозбай, бастапқы күйін сақтайды. Сондықтан қолғап ұзақ жылдар бойы функционалдығын жоғалтпайды.
адидас қолғабын adidas.kz ресми сайтында сатып алу мүмкіндігін жіберіп алма.
Сайттағы арнайы ұсыныстар, акциялар мен жеңілдіктерден хабардар бол.